Павлодар облысының спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Павлодар облысының спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Фото: Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің арнайы комиссиясы Серік Халеловтің кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Комиссия шешім қабылдау барысында кандидаттың спорт саласындағы кәсіби тәжірибесін, басқарушылық құзыреттерін және өңірдегі спортты дамытуға қатысты ұстанымдарын қарастырған.

Жаңа басшыны өңір активіне Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов таныстырды. Өңір басшысының өкімімен Серік Халелов Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Серік Халелов 1974 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Әр жылдары түрлі жауапты қызметтер атқарған.

Тағайындауға дейін ол Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты Астана қаласының олимпиадалық даярлау орталығында спорт әдіскері қызметін атқарған.

Асайын Байханов жаңа басшыға алдағы жұмысына сәттілік тілеп, нәтижелі еңбек етуіне сенім білдірді.