Мичурин ауылында деструктивті ағымдардан аулақ болу жолдары айтылды

Мичурин ауылында деструктивті ағымдардан аулақ болу жолдары айтылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мектеп оқушылары имаммен кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мичурин жалпы орта білім беретін мектебі әкімшілігінің мәлімдеуінше, Павлодар ауданының бас имамы Әбілқайыр Қазбекұлы және ауылдық округтің имамы Ермұрат Қасенұлымен мектеп оқушылары арасында диалог алаңы өтті.

– Оқушылар қойылған әрбір сұраққа жауап алды. Акт залында қолайлы атмосфера орнады, өйткені қонақтар қатысушылармен «бір толқында» болып, барлық заманауи трендтер мен ағымдар жайлы сөз қозғады, – дейді ұйымдастырушылар.

Кездесудің мақсаты – рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу және діни экстремизмнің алдын алу.