«Ертіс орманын» атты патруль күзетеді
Сейтен орманшылығында алты қызметтік жылқы бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Олар орманшылардың сенімді серігіне айналған. Аттармен жолсыз, қар басқан алқаптарды оңай аралап, заңсыз ағаш кесу, жануарлар әлемін қорғау іс-шаралары жүргізіледі.
– Қыс – орман үшін үлкен сынақ. Ауа райының қолайсыздығы, қарлы борандар мен қалың қар орманшылардың жұмысын қиындатса да, табиғатты қорғау – басты міндет. Осындай қиын сәттерде атты патруль үлкен көмекке келеді, – дейді «Ертіс орманы» резерватында.
Атты патруль – орман қорғаушыларының дәстүрлі әрі тиімді көмекшісі. Жылқының төзімділігі мен ептілігі орманшыларға табиғатты қорғау жұмыстарын үздіксіз жүргізуге мүмкіндік береді.