Павлодарлық оқушылар қуаныш пен қимастық сезімдеріне қатар бөленді

Өңірдің барша мектептері үшін ерекше күн өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Биыл 11-сыныпты 5 048 түлек тәмамдады. Мектептерде соңғы қоңырау соғылды. Ал алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектер үшін бұл күн – жүрекке жақын, мәңгі есте қалатын сәт.
Биылғы оқу жылында Павлодар облысының барлық мектептерінде салтанатты жиынмен қатар «Білімім – Отаныма» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Бұл тәрбие сағаты өскелең ұрпаққа отаншылдық, жауапкершілік, ел болашағына сенім сияқты құндылықтарды сіңіруге бағытталды.
Айта кету керек, биыл Павлодар облысы білім саласы үшін зор қуанышпен есте қалды. Өңіріміздің 5 бірдей мектебі – Павлодар қаласындағы №7, №35 жалпы орта білім беру мектептері, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі ЖОББМ, сонымен қатар Заря ЖОББМ мен Песчан №2 ЖОББМ – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Үздік мектеп – 2025» марапатына ие болды.