Павлодарда үздік қазақ тілі мұғалімін анықтайды
«Үздік қазақ тілі мұғалімі – 2024» қалалық сайысының 1 кезеңі өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Байқау 10-11-ші сәуір күндері «Павлодар қаласының №17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейіндік мектебі» КММ негізінде қалалық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетімен ұйымдастырылады.
Сайыс екі кезең бойынша өткізіледі:
- Pitch – «педагог-инноватор» презентациясы (жобаны/тәжірибені) қорғау. Байқауға қатысушылар өздерін және өз мамандықтарын, инновациялық идеяларды, педагогикалық тәжірибені жинақтау материалдарын, жұмыс нәтижелерін ұсынады. Ең жоғарғы ұпай саны – 20. Т1 қазақ мектебі наурыздың 10-шы, Т2 орыс сыныптарындағы қазақ тілі мұғалімдері және мектепке дейінгі ұйым педагогтері наурыздың 11-ші сәуір күндері өз жасаған презентацияларын қорғайтын болады;
- «Ашық сабақ» жаңартылған білім беру мазмұны бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы 4 тоқсанның қысқа мерзімді жоспарлауына сәйкес жүргізіледі және 45 минутты құрауы керек. Мектепке дейінгі ұйымның қазақ тілі мұғалімдері ересек немесе мектепалды тобында ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетеді. Т1 қазақ мектебі сәуірдің 15-сі, Т2 орыс сыныптарындағы қазақ тілі мұғалімдері және мектепке дейінгі ұйым педагогтері сәуірдің 16-сы күні өткізеді.
Байқау ҚР Тіл туралы заңының жүзеге асыруды, педагогикалық тәжірибені анықтау және таратуды, өмір бойы білім алуға ынталандыруды және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіруді көздейді.
Электронды пошта: metod@goo.edu.kz.
Байланыс телефондары:
+7(777)-285-37-67 Зарина Әлібаева;
+7(705)-326-33-73 Құндыз Рахымжанова.