Павлодарлық оқушылар жол қозғалысы ережелерін қаншалықты меңгерген?
Жас инспекторлар слетіне қатысушылар жол ережесін білу қажет екенін жақсы түсінеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс оқушылары жол көлік оқиғасы кезінде алғашқы көмек, саптық дайындықта үйлесімділік, жол қозғалысы ережелері бойынша теориялық білімдерін және жолдарда велосипедті қауіпсіз жүргізу қабілетін көрсетті.
Әр команда білімімен ғана емес, нысанды киімімен де ерекшеленуге тырысты.
– Барлығы форманың стандартты көк, қою көк және көгілдір түсін таңдады. Ал біз ақ түсті алдық, – дейді Ақтоғай ауданы Абай атындағы мектептің оқушысы Маржан Өмірова. – Біріншіден, бұл – сәттіліктің, бақыттың түсі. Екіншіден, бұл біздің жанымыздың көрінісі деп айтуға болады, үшіншіден, әдемі көрінеді.
Ертіс ауданы Северное ауылы Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің жас инспекторлар командирі Тимур Тоқсанов теңіз офицерінің формасын таңдап, суда да қозғалыс ережелері бар екенін атап өтті.
– Біздің әрқайсымыздың слет тапсырмаларының әр сегментіне өз рөліміз бар, – деп түсіндірді команда командирі. – Егер біреу тапсырманы орындай алмаса, дублерлер бар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, слет көптен бері дәстүрлі іс-шараға айналған.
Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
Естеріңізге сала кетейік, 100 мыңнан астам оқушы жазғы демалысқа шығады. Облыс әкімі қауіпсіздікке барынша назар аудара отырып, демалыс уақытында олардың толыққанды демалысын қамтамасыз етуді тапсырды.