Шарбақты ауданында жер учаскелеріне байқау жарияланды

Шарбақты ауданында жер учаскелеріне байқау жарияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Байқауға қатысу үшін өтінім және конкурстық ұсыныс тапсыру керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аудандық жер қатынастары бөлімінің мәліметінше, 25 қараша күні сағат 10:00-де шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерінен уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша жалпы алаңы 2 913,4 гектар жерге конкурс өтеді. Оның ішінде жайылымдар – 2 119,3 гектар, егістік – 499,2 гектар, суармалы егістік – 286,4 гектар, басқа алқаптар – 8,5 гектар.

Байқауға өтінімдер 4-22 қараша аралығында қолма-қол немесе пошта арқылы Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 57 мекенжайы бойынша қабылданады. Ал байқаудың өтетін орны – Тәуелсіздік көшесі, 51.

Жер учаскелерінің тізбесі жергілікті баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның сайтында жарияланған.

Толық ақпаратты +7(71836)21-6-51 телефон нөмірі арқылы алуға болады.