Павлодарлық палуандар еске алу турнирінен жүлделермен оралды
Спортшылар екі алтын, екі күміс, бір қола медаль иегерлері атанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тереңкөл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 мамыр – 2 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылында Қарасай мен Ағынтай батырларды еске алуға арналған 2009-2010, 2011-2012, 2013-2016 жылы туған жасөспірімдер мен 2009 жылы туған және одан кіші қыздар арасында еркін және әйелдер күресінен ХІ республикалық турнир өтті.
Жарыс нәтижесі бойынша аудандық еркін күрес бөлімшесінің тәрбиеленушілері Алихан Самарбек пен Дінмұхамед Шәмші бірінші, Нұралы Жанаталяп пен Ерасыл Демесинов екінші, Саян Иманбаев үшінші орынды иеленді.
Фотосурет Тереңкөл ауданының БЖСМ рұқсатымен