Павлодарлық боксшы Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Павлодарлық боксшы Азия чемпионатының жүлдегері атанды
Фото: Павлодар бокс федерациясы

Бұл жарыста 200-ден астам спортшы өнер көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Астана қаласында 22 жасқа дейінгі ерлер арасында Азия чемпионаты өтті. Чемпионатқа 25 елден 202 спортшы қатысты. Біздің облысты ұлттық құрама сапында 57 келі салмақта Ерболат Сабыр қорғады. 

Ерболат Сабыр алғашқы жекпе-жегін қырғызстандық боксшымен өткізіп, 5:0 есебімен жеңсе, ширек финалда иорданиялық спортшымен қолғап түйістіріп, 4:0 есебімен басымдық көрсетті. Жартылай финалда тәжікстандық боксшымен рингке шығып, оны 4:1 есебімен жеңді.

Финалда Үндістан спортшысымен қарсыласып, дәрігерлердің шешімімен Ерболат Сабыр жеңіліс тапты. Осылайша,  жерлесіміз Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.