Павлодарлық жасөспірім Азия чемпионы атанды

Павлодарлық жасөспірім Азия чемпионы атанды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Финалда спортшы өзбекстандық боксшымен кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

17-29 сәуір аралығында Иорданияның Амман қаласында 2011-2012 жылдары туған жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті.

Павлодар облысы құрамасының намысын қорғаған Олимпиадалық резервті даярлау орталығының спортшысы Нұрислам Ташмағанбет +70 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды.

– Турнир барысында Нұрислам Үндістан, Иордания және Өзбекстан боксшыларына қарсы рингке шығып, барлық жекпе-жекте де өз басымдығын көрсетті. Финалдық кездесуде Нұрислам өзбекстандық қарсыласын еш мүмкіндік қалдырмай, 5:0 есебімен таза жеңіп, Азия чемпионатының алтын медалін иеленді, – деп мәлімдеді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Павлодар облысының спорт басқармасы мен Олимпиадалық резервті даярлау орталығы Нұрислам Ташмағанбетті құттықтап, оған алдағы жарыстарда да сәттілік тілейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @sport_baskarmasy