Павлодарлық полицейлер тұрғындармен кездеседі
Онда бірқатар мәселелер талқыланбақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кездесу 26 мамырға жоспарланған.
- Жұма күні сағат 11.00-де "Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі" пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде "Полицияның сервистік учаскелік пункттерін енгізу" мәселесі бойынша халықпен кездесу өтеді.
ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі тұрғындардың өтініштеріне ден қою сапасын жақсарту және қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін азаматтармен жүргізілетін полиция жұмысының жаңа тәсілдерін түсіндіретін болады, - делінген хабарламада.
Кездесу Астана көшесі, 156 мекенжайында орналасқан "Колос" мәдени-демалыс орталығының ғимаратында өтеді.
Барлық сұрақтар бойынша 8 (7182) 37-80-39 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.