25 мамырда Павлодар облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады
Солтүстіктен соққан жел 9-14, найзағай кезінде екпіні 18 м/с дейін жетеді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, республиканың басым бөлігінің ауа райын атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайтын болады, жаңбыр, найзағай, тек республиканың солтүстік-батысында антициклон жотасымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауылдар болады.
Павлодар облысында ауа температурасы түнде 7-12 градус, күндіз 22-27 градус ыстық болады. Күндіз облыстың солтүстігінде күн күркіреп, аздаған жаңбыр жауады.
Павлодар қаласында жауын-шашынсыз болады. Солтүстіктен соққан жел 9-14 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 25-27 градус ыстық болады.