Павлодарлық студент грэпплингтен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Жарысқа 30 елден 1800 спортшы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Астанада өткен грэпплингтен Әлем чемпионатында Ә. Марғұлан университетінің ФКС-41 тобының студенті Нұрбек Сатыбалды қола медаль жеңіп алды.
– Бұл – жас спортшы үшін оның қажырлы еңбегі мен жоғары дайындық деңгейіне баса назар аударатын маңызды жетістік, – деді университтеттің баспасөз қызметінде.
Нұрбек 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, табандылық пен шеберлікті көрсетті, турнирдің қола жүлдегері атанды.