Павлодар облысында осы аптада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Павлодар облысында осы аптада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 15 қазанда түнде -5...-10°С, ал күндіз 0...+5°С-қа дейін жылынады. 

16 қазанда жауын-шашынсыз болады. Сынап бағанасы түнде -3...-8°С, ал күндіз +1...+6°С-ты көрсетеді. 

17 қазанда да жаңбыр жаумайды. Ауа райы түнде -3...-8°С, ал күндіз +3...+8°С-қа дейін жылынады.

18 қазанда күн ашық болады. Сынап бағанасы түнде -2...-7°С, ал күндіз +3...+8°С көрсетеді. 

Сенбіде күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы түнде -0...-5°С, күндіз +4...+9°С жылы болады. 

Жексенбіде де жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде -0...-5°С, ал күндіз +5...+10°С-ты көрсетеді.