Павлодарлық студенттер қарттар үйіне қамқорлық көрсетті

Павлодарлық студенттер қарттар үйіне қамқорлық көрсетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ақпараттық технологиялар колледжінің еріктілері республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында өткен «Өнегелі ұрпақ» акциясына белсене қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Іс-шара барысында студенттер қарттар үйінің аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Жастар белсенділік танытып қана қоймай, жауапкершілік пен шынайы жанашырлықтың үлгісін көрсетті. Нәтижесінде аула таза әрі жайлы кеңістікке айналды.

– Еріктілер үшін бұл күн тек тазалық жұмыстары ғана емес, үлкен тәрбие сағатына айналды. Олар қарт адамдарға құрмет көрсетіп, қамқорлықтың маңызын терең сезінді, – дейді колледж басшылығы. 

«Өнегелі ұрпақ» акциясы ардагерлер мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалау және абаттандыруға бағытталған. Бұл бастама жастарды қоғамдық пайдалы еңбекке баулып, мейірімділік пен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын насихаттайды.