Павлодар жастары мен полицейлер есірткі жарнамалары жазылған граффитилерді өшірді

Рейд қаланың орталық бөлігінде жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесті.
Акция барысында қатысушылар қабырғаға жазылған тыйым салынған заттарды насихаттайтын Telegram-арналардың сілтемелерін бояп, жойды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар қала аумағында заңсыз есірткі жарнамаларына тосқауыл қоюға және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Сонымен қатар, полицейлер мен еріктілер тұрғындарға заңсыз есірткі айналымына немесе олардың қолданылуына қатысты қандай да бір ақпарат болған жағдайда, құқық қорғау органдарына жедел хабарласу қажеттігін еске салды.