Павлодар облысында жол учаскесі жабылды

Павлодар облысында жол учаскесі жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл туралы Павлодар облысының полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бүгін сағат 18:00-ден бастап Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі автожол учаскесі жабылды.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, жол қозғалысына шектеу ауа райының күрт нашарлауына байланысты енгізілген. Ақмола облысы тарапынан жаңбырдың минус температурада жаууы салдарынан жол беті көктайғаққа айналған.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерден алыс жолға шықпауға, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және енгізілген шектеулерді ескеруге шақырады.