Павлодарда ең үздік аула анықталады

Павлодарда ең үздік аула анықталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Байқау жеңімпаздары қаланың құрылыс дүкендерінен сертификаттармен марапатталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ бөлімі «Үздік аула» номинациясы бойынша қалалық конкурс жариялайды.

– Байқау тұрғындардың аула аумағын күтіп ұстау, абаттандыру және көгалдандыруды жақсарту жөніндегі бастамаларын дамытуға бағытталған, – деді бөлімде.

Өтінімдер 16-19 шілде аралығында Кривенко көшесі, 25 мекенжайындағы 706 кабинетте қабылданады. Сонымен қатар, өтінімдерді oghi@inbox.ru электрондық поштаға немесе бөлімнің zhil.inspektsiya Instagram парақшасына жіберуге болады.

Комиссия берілген өтінімдер мен материалдарды қарайды, орындалған жұмысты он балдық шкала бойынша бағалайды. «Үздік аула» атағы келесі шарттар орындалған кезде берілуі мүмкін:

  • үй жанындағы аумақты және балалар ойын (спорт) алаңын тиісті санитарлық жағдайда ұстау (10 балл);
  • үйдің қасбетінің жай-күйі, ауланы және кіреберістерді ақаусыз жарықтандырудың болуы, кіреберіс есіктерінде, үй қабырғаларында ақпаратты өз бетінше орналастырудың болмауы, ол үшін хабарландыру тақтасының болуы (10 балл);
  • үйде кіреберістердің, пәтерлердің, ПИК телефондарының, диспетчерлік нөмірлері көрсетілген кіреберістерде тақтайшалардың болуы (10 балл);
  • үйдің кіреберістерінде және (немесе) үй маңындағы аумақта екпелері бар жайғастырылған гүлзарлардың болуы (10 ұпай);
  • пәтер иелерінің шағын сәулет нысандары мен кіру топтарын (кіреберістерді) сырлау бойынша жұмыстарды орындауы (10 ұпай);
  •  нысаналы алым немесе жинақтау қоры есебінен ортақ мүлікті жөндеу (20 балл);
  • КПТҮ-ді жылыту маусымына дайындау (20 балл);
  • тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасына қатысуға келісім (10 балл);

Тұрғындардың өздері жасаған қосымша абаттандыру элементтері болған жағдайда максималды баға 5 баллға артады.