Павлодарлық суретші республикалық байқауда жүлде алды
Сурет акварель техникасында орындалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Бояулар құпиясы» атты республикалық байқаудың облыстық турының қорытындысы шығарылды. Байқау Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінде өткізілді. Оған облыстың 10-13 және 14-16 жас аралығындағы 58 өнер мектебінің, балалар көркемсурет мектебінің 161 оқушысы қатысты
– Байқау шарттары бойынша қатысушылар «Менің елім - менің жерім», «Таланттар палитрасы» номинациялары бойынша Отан, жыл мезгілдері, өнер, демалыс және әртүрлі кескіндеме техникасындағы 160-тан астам жұмыс ұсынды. Павлодарлық суретшілер қазылар алқасының құрамында болған суретші Өсербай Шурановтың төрағалығымен жұмыс істеді. Шараға Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің төрт оқушысы қатысты. Олар туған өлкенің табиғаты тақырыбындағы пейзаждар мен авангардтық және классикалық кескіндеменің натюрморттарын ұсынды, – дейді қалалық білім беру бөлімінде.
Байқау қорытындысы бойынша облыстың білім беру ұйымдарының 21 қатысушысы, оның ішінде Павлодар мектебінің екі оқушысы жүлделі орындарға ие болды.
14-16 жас аралығында «Таланттар палитрасы» номинациясында сюжеттік композиция бойынша акварель техникасында орындалған 16 жастағы Дильназ Шумакова «Отбасымен демалу» суреті үшін І орынды алды.
10-13 жас аралығында «Менің елім - менің жерім» номинациясында классикалық кескіндеме бойынша гуашьпен орындалған «Баянауылдағы көктем» суреті үшін І орынға 10 жастағы Анастасия Каменский ие болды.
Олардың екеуі де облыстық білім беру басқармасының І дәрежелі дипломымен марапатталды.
Айта кетерлігі, павлодарлық женімпаздардың екеуі де әртүрлі деңгейдегі байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпаздары болып табылады. Облыстық команданың құрамына кірді және қыркүйек айында республикалық байқауға қатысады.