Павлодардағы ЖОО-ның біріне қос диплом бағдарламасы енгізілді
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті мен Түркиядағы Тоқат Газиосманпаша мемлекеттік университетінің ректорлары «Тарих» және «Шетел тілі» мамандықтары бойынша қос дипломды жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Университеттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, педагогикалық университеттің ректоры Жанбол Жылбаев Тоқат Газиосманпаша мемлекеттік университетінің ректоры Фатих Йылмазды қабылдады.
Келісімге қол қою алдында екі мемлекеттің тиісті министрліктерінің нормативтік құжаттарының сәйкестігін ескере отырып, екі университеттің білім беру бағдарламаларының мазмұнын үйлестіру бойынша жарты жылдық жұмыс жүргізілді.
Айта кетейік, бұл университетте 35 мыңнан астам студент білім алса, оның 4,5 мыңы 65 елден келген студенттер.
Тоқат Газиосманпаша Университетінің ректоры Фатих Йылмаз келген әріптестеріне алғысын білдіріп, бірлескен нәтижелі өзара іс-қимылға үміт білдірді. Ғалымдарға екі университеттің студенттері, оқытушылары мен ғылыми қызметкерлеріне пайдасын тигізетін еңбектеріне табыс тіледі.
Іс-сапар барысында Марғұлан университетінің делегациясы үшін академиялық қоғамдастықпен, сондай-ақ Тоқат Газиосманпаша университетінің технопаркі және ғылыми зертханаларының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды.
Кездесу барысында тараптар пікір алмасып, оқытушылардың академиялық ұтқырлығы және университет ғылымын дамыту саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.