Павлодарлық мұғалімдер көзі нашар көретін балаларға арналған тактильді кітап шығармақ

Павлодарлық мұғалімдер көзі нашар көретін балаларға арналған тактильді кітап шығармақ
Фото: қалалық білім беру бөлімі ұсынды

Педагогтар мұндай кітапты әзірлеп шығару үшін не керек екенін шеберлік сабақта талқылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, М. Әлімбаев атындағы ЖОМ «Нашар көретін балаларға арналған тактильді кітаптар әзірлеу» тақырыбында шығармашылық топтың қатысумыен кезекті отырысы өткізілді. 

Облыс орталығының білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Нұрахметова өзінің педагог-ассистенттеріне нашар көретін балаларға арналған тактильді кітаптарды көрсетіп, оларды жасап шығарудың алгоритмін түсіндірді.  Шеберлік сабақтың нәтижесінде шығармашылық топ нашар көретін балаларға арналған тактильді кітаптар шығару туралы ойға келді.