Павлодарлық мұғалім ерекше балаларға арналған VR-кабинет жобасын таныстырды

Павлодарлық мұғалім ерекше балаларға арналған VR-кабинет жобасын таныстырды
Константин Шелковтың фотосы

Идеяны ол 2022 жылы ойластырған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Мұхтар Әуезов атындағы мектептің география пәні мұғалімі Анжелика Дударева ерекше білім беруді қажет ететін балалардың оқу жағдайын жақсартуға бағытталған инновациялық жобасын ұсынды. Ол ерекше білімді қажет ететін оқушыларға арналған заманауи VR және интерактивті технологияларға негізделген көпфункционалды кабинет құру идеясын бірнеше жыл бойы зерттеп, әзірлеген.

Анжелика Дудареваның айтуынша, бұл жобаның маңызды бөлігі – ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған интерактивті сайт жасау. Мұғалім бұл платформаны өзі құрастырып, оған түрлі дидактикалық материалдар, тапсырмалар және қолжетімді форматтағы оқу контентін енгізген. Бұл да жобаның дамуына қосымша уақыт талап еткен күрделі бағыттардың бірі болған.

– Жоба идеясы маған 2022 жылы Екібастұз қаласындағы мектептердің бірінде жұмыс істеп жүрген кезде келді. Сыныбымда жазу, оқу, сөйлеу дағдылары мүлдем қалыптаспаған оқушыны көргенде, инклюзивті білім беруге арналған арнайы кабинеттердің аса қажет екенін терең түсіндім, – дейді ол.

Кабинет ерекше білімді қажет ететін оқушылардың әр санатына бейімделген. Онда тактильді пиктограммалар, арнайы эргономикалық үстелдер, дыбыс оқшаулағыш құлаққаптар, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған қосымша құрылғылар, VR құралдары, сенсорлық және дамытушы құрылғылар ойластырған.

Кабинет тек жеңіл ақыл-ой кемістігі бар диагнозындағы оқушыларға ғана емес, сонымен қатар күрделі бұзылыстары бар балаларға да бағытталған.

Мұғалімнің айтуынша, 2017 жылдан бері Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны тұрақты өсіп келеді. Сол себепті бұл кабинеттерді тек Павлодар облысы деңгейінде ғана емес, Қазақстанның барлық өңірінде ашу қажет деп есептейді.