Павлодарлық суретшілер Семейден жүлдемен оралды

Павлодарлық суретшілер Семейден жүлдемен оралды
Фото: Мақсат Көлтайұлы

Жас өрендер  Семей қаласында өткен байқауға алғаш рет қатысты,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі «Жасасын, Тәуелсіздік Қазақстан!» атты республикалық байқауға Семей қаласына 12  баланың суреттерін жолдады. 6-9 жас, 10-12 жас, 13-16 жас аралығындағы балалар арасындағы байқаудың ұйымдастырушысы   Семей қаласының өнер мектебі - ЮНЕСКО клубы болып табылады.

–  Біздің оқушылар Семей қаласында өткен байқауға алғаш рет қатысты, көптеген байқауларда жетістіктерге жетті. Мәселен, Кирилл Кестель Астана қаласында өткен «Қазақстан –  менің жарқын болашағым» жалпыұлттық байқауының екінші дәрежелі дипломанты, Ясмина Левадная Волгоградта өткен «Өзім және әлем туралы. Адамзат қозғалады» атты халықаралық балалар көркем шығармашылығының дипломанты, –  дейді мектеп директорының орынбасары Гүлнар Мұхаметқалина. 

Байқау қорытындысы бойынша, алты қатысушы жүлделі орындарға ие болды және Қазақстан федерациясының ЮНЕСКО клубтарының түрлі дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

15 жастағы Ясмина Левадная аралас техникадағы «Дала қызы», 16 жастағы Кирилл Кестель «Астананың үстімен ұшу», 7 жастағы Әмина Теміржан гуашь техникасындағы «Бақытты балалық шақ» жұмысы үшін екінші дәрежелі дипломант атанды. Педагогтері – Лариса Кузнецова, Гүлнар Мұхаметқалиева, Айдана Мерғалиева.

13 жастағы Гүлназ Алтынбек «Мереке», 14 жастағы Диана Шайкенова «Тәуелсіз елімнің кереметтері», 10 жастағы Сагдиана Саруарова «Қарлығаш» жұмыстарымен үшінші дәрежелі дипломант атанды. Педагогтері – Анна Аткина, Наталья Решетова, Дарья Бадмаева.