Биыл Павлодарда қандай көшелер орташа жөндеуден өтеді?
2024 жылы 14 негізгі көшедегі жол учаскелерін орташа жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қала әкімі Хасар Хабылбеков өзінің Instagram парақшасында асфальт төсеу жұмыстары қай жерлерде жүргізілетіні туралы ақпаратпен бөлісті. Облыс орталығында жалпы ұзындығы 40 шақырымға жуық жол жөндеу жоспарлануда.
Жеке сектордағы бұрын жөнделмеген тоғыз көшеге асфальт төселеді.
Орташа жөндеуден өтетін 14 көшенің тізімі:
- Исенәлиев көшесі (29 Ноября көшесінен Ак.Сәтбаев көшесіне дейін);
- Естай көшесі (Назарбаев даңғылынан Қамзин көшесіне дейін);
- Малайсары батыр көшесі (Назарбаев даңғылынан Шарбақты көпіріне дейін);
- Қайырбаев көшесі (Астана көшесінен Назарбаев даңғылына дейін);
- Кривенко көшесі (Астана көшесінен Назарбаев даңғылына дейін);
- 29 Ноября көшесі (Есенәлиев көшесінен Р.Люксембург көшесіне дейін);
- Луговая көшесі (Лермонтов көшесінен Айманов көшесіне дейін);
- Айманов көшесі (Химқалашық шеңберінен Ледовский көшесіне дейін);
- Толстой көшесі (Набережная көшесінен Қамзин көшесіне дейін);
- Назарбаев даңғылы (Естай көшесінен Ломов көшесіне дейін);
- Торайғыров көшесі (Баян батыр көшесінен Бұқар жырау көшесіне дейін);
- М.Жүсіп көшесі (Олжабай батыр көшесінен М.Горький көшесіне дейін);
- Абай көшесі (Кривенко көшесінен Ломов көшесіне дейін);
- Циолковский көшесі (Катаев көшесінен Жібек жолы көшесіне дейін).
Жеке сектордағы асфальт төселетін 9 көшенің тізімі:
- КазПравда көшесінен Ладожская көшесіне дейін Новосибирская, Шамкенов, Тульская, Томская, Ворушин көшелері;
- Қамзин көшесінен Ворушин көшесіне дейінгі Волочаевская, Азовская, Онежская, Ладожская көшелері.