Павлодардағы музейде шетелдік келушілер экскурсияны бес тілде тыңдай алады

Павлодардағы музейде шетелдік келушілер экскурсияны бес тілде тыңдай алады
Фото: Константин Шелков

Облыстық өлкетану музейінің құрылымында жеті бөлімше бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі 1942 жылы құрылған. Мұражайдың негізі – экспонаттар, артефактілер, қор қоймасында сақталатын бірегей заттар болып саналады. 

– Музейдің қорында түрлі экспонаттарды сақтаудың 140 мыңнан астам бірлігі бар, оның ішінде негізгі – 106 мыңнан астам, қосалқы – 33,5 мыңнан астам. Олардың ішіндегі ең маңыздылары біздің музейде көрсетіледі, – деді мұражай басшысы Арман Алиақпаров

Өлкетану музейінің құрылымында жеті бөлімше бар, оның төртеуі Павлодар қаласында орналасқан: «ERTIS» музейі, Фотограф Д. П. Багаевтың музей-үйі, Әскери Даңқ музейі, М. Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы музейі. 2016 жылдан бастап Екібастұз қалалық, Ақсу қалалық және Шарбақты аудандық тарихи-өлкетану музейлері де музей бөлімшелері болып табылады.

– Көптеген музей коллекцияларының қалыптасуы ғылыми зертханаларда зерттелетін сирек кездесетін артефактілермен байланысты екені белгілі.  Музейде жыл сайын Павлодар облысының аумағында археологиялық зерттеулер жүргізетін археологиялық зертхана бар. Зерттеу нәтижелері әртүрлі басылымдарда жарияланады, – дейді Арман Алиақпаров.

Музей қызметкерлері сонымен қатар палеонтологиялық мұраны сақтау және зерттеумен айналысады. Палеонтологиялық ескерткіштерді зерттеу ғалымдарымен бірлесіп, олардың ішіндегі ең маңыздысы әлемге әйгілі неоген кезеңіндегі жануарлардың ең танымал жерлеу орны – «Қаз қонақ» ескерткіші болып табылады. Ол Республикалық маңызы бар объектілер тізіміне енгізілген. Бұл ретте, музей қорынан палеонтологиялық коллекциялар каталогы шығарылды.

Бұдан бөлек, дамудың қазіргі кезеңінде музейлерде цифрландыруды қолдану өзекті болып табылады. Музейде шетелдік келушілерге экскурсияны бес тілде тыңдауға мүмкіндік беретін аудио нұсқаулықтар бар. Қор есебін жақсарту мақсатында, музейде және оның бөлімшелерінде «АС-Музей» бағдарламасы орнатылып, экспонаттарды электронды каталогтау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Республика музейлері арасында алғашқылардың өлкетану музейі «Музей альманахы» электронды журналының жобасын іске асырды, онда музей қызметкерлерінің ғылыми мақалалары мен әзірлемелері жарияланады.

Еске сала кетейік, Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі реставрациядан өтеді. Ғимараттың қасбеті мен шатыры бойынша жөндеу-реставрациялау жұмыстары, қабырғалар мен іргетастың жерасты учаскелерін гидрооқшаулау көзделген. Сонымен қатар, ғимараттың сәулеттік элементтерін де қалпына келтіру қарастырылған.