Павлодарлық таэквандошылар республикалық жарыста үздіктер қатарына енді
Жекпе-жекке халықаралық турнирлердің жеңімпаздары қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында таэквондодан Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасы аяқталды. Жарыс 2-4 желтоқсан аралығында өтті.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен 179 мықты спортшы үздік атану үшін сынға түсті. Оған 113 ер адам мен 76 әйел қатысты. Олардың арасында Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері, Чэндудегі Дүниежүзілік жазғы универсиадасының чемпионы, Рио-2016, Токио-2020 Олимпиада ойындарының қатысушысы және Халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпаздары болған.
Спортшылар турнирде 16 салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жарыстың финалдық жекпе-жегіне қатысып, жеңімпаздарға марапаттар табыс етті.
Павлодар облысының ЖСШМ спортшысы халықаралық дәрежедегі спорт шебері Камила Аймукашева 62 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге қол жеткізді.