Ертіс ауданында қазақша күрестен облыстық жарыс өтті
Бұдан бөлек спортшылар қол күрестен жарысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ертіс ауданында Ертіс ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ақын, жазушы, өлкетанушы, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет Қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисті Мүбарак Жаманбалиновтің 100 жылдығы қарсаңында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар қазақша күрес, қол күрес, гір көтеруден жарысты.
Қазақша күрес қортындылары бойынша шарбақтылық Құдайберген Темірғалы үшінші орын, аққулылық Рахат Манап екінші орын, Ертіс ауданының спортшысы Алихан Айтжанов бірінші орынға ие болды.
Қол күрес спортында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ақылбек Нұрсұлтан үшінші орын, Василий Михайлиди екінші орын, Адам Некрытов бірінші орын алды. Ал 90+ салмақ дәрежесінде Руслан Валитов үшінші орын, Михаил Ларин екінші орын, Дамир Шаяхмет бірінші орынға ие болды.
Ал гір көтеру жарысында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Василий Михайлиди үшінші орын, Құрмет Ахметов екінші орын, Нұрсұлтан Ақылбек бірінші орын алса, 90+ салмақ дәрежесінде, Юрий Михайлиди үшінші орын, Рахат Ашенов екінші орын, Арман Жетпіс бірінші орын иегері атанды.