Павлодарлықтар каратэден Азия чемпионатында үздік атанды
Чемпионат Астана қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Астана қаласында Кекушинкай карате спорты бойынша Азия чемпионаты өтті. Бұл додаға 22 елден жиналған 300-ден астам спортшы қатысты. Чемпионатта жасөспірімдер, 18 жастағы және одан асқан қыздар, ардагерлер бақ сынады.
Барлық қатысқан елдер арасында Әзербайжан үшінші, Ресей екінші, Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленді.
Павлодар карате мектебінен аталмыш жарыста алты спортшы бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша Дариға Басхаева, Станислав Базилевич, Анатолий Качулин, Ақылбек Нұрмағамбетов жүлделі үшінші орынға табан тіресе, Бейбарыс Сұлтан мен Кирилл Масленниковқа алтын бұйырды.
Сонымен қатар аталмыш спорттың жасөсіпірімдер арасындағы 12-13 жас аралығындағы жарыста Анель Қынжықова, «Ката» бойынша Аян Бахыт үшінші орынды қанжығасына байлады.