Павлодарлық университетте аймақтық IT-әйелдер форумы өтті

Павлодарлық университетте аймақтық IT-әйелдер форумы өтті
Фото: pexels.com

Оған ақпараттық технологиялар саласының тәжірибелі өкілдері қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Торайғыров университетінде алғашқы әйелдер IT форумы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткізілді. Форумда IT саласының мамандары Айман Шаклейна, Жәмиля Тайчик, Олеся Голубева және Мадина Хасенова сөз сөйледі. Олар IT өнімін нөлден қалай әзірлеу керектігін айтып, IT саласындағы жеке тәжірибесімен, жұмыстағы инновациялық тәсілдермен бөлісті. 

– Әйелдер кез келген салада табысты бола алады, өйткені олар стратегиялық ойлауды біледі және әрқашан өз мақсаттарына жетеді. Ал біз басқа адамдарды, соның ішінде жастарды ынталандыру үшін олардың сәтті істерін көрсетуіміз керек. Қазақстандық әйелдердің жетістіктерінің арқасында бүгінде қоғамымыздың барлық салаларындағы шын мәніндегі елеулі даму қарқыны туралы айтуға болады, – деді университет ректоры Еркін Садықов.

Форум спикерлері бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар саласында әйелдер басты рөл атқаратынын атап өтті. Олар дәстүрлі емес көзқарастың арқасында инновацияның дамуына үлес қосуға болатыны жайлы пікір алмасты.