Павлодарда үздік металлургтер марапатталды

Павлодарда үздік металлургтер марапатталды

Кәсіби мерекеге орай «ERG Service» ЖШС құйма-механикалық цехінде салтанатты кеш өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Металлургтер күніне орай мерекелік концерт және ERG кәсіпорындары мен жалпы өңір дамуына үлес қосып жүрген мамандар марапаттарға ие болды. 

«ERG Service» ЖШС бас директоры Сергей Перепечин әріптестеріне қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіріп, әрбіреуіне зор денсаулық пен ашық аспан тіледі.

- Бұл мереке ауыр да маңызды мамандықты таңдаған адамдарды біріктіреді. Ерлік пен күшті талап ететін металлург мамандығы қашанда зор құрметке ие. Металлургияға қатысы бар барша адамдарға сапалы жұмыс, кәсібилік пен жоғарғы шеберліктері үшін алғыс айтқым келеді, - деді Сергей Перепечин.

«ERG Service» ҚМЦ озат еңбеккерлерінің есімдері Құрмет Тақтасы мен «Біздің болашағымыз» тақтасынан орын алды. «ERG Service еңбек ардагері» атағы ҚМЦ электр дәнекерлеушісі Роман Авдеев, «ERG Service еңбек сіңірген жұмыскері» – «ERG Service» ҚМЦ металл және қорытпа балқытушысы Ерлан Мұқажанов, ал «Мамандық бойынша үздік жұмыскер» «ERG Service» ҚМЦ тіс кескіші Александр Иванов атанды. 

«ERG Service» ҚМЦ бастығы Виктор Теплов, өз кезегінде, цехтің ұйымшыл ұжымына ынтымақтың одан сайын нығайғанын тіледі. 

- Біздің мамандығымыз күшті болғанымызды талап етеді. Еңбектеріңіз үшін алғысым шексіз. Ынтымағымыз жараса берсін. Барлықтарыңыздың үйлеріңізге құт-береке, жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Барлық қиындықтарды бірге еңсеріп, алдағы өміріміз тек жақсы болады деп сенемін, - деді Виктор Теплов.

Көп жылғы адал еңбегі, жұмыстағы жаңа белестерді бағындырғаны, өңіріміздің металлургия өнеркәсібіне елеулі үлес қосқаны үшін жонып қырнаушы токарь Александр Вебер І дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды. Металлургияға саналы ғұмырын арнаған Александр Александрович құйма-механикалық цехінде 47 жыл жұмыс істеп келеді. ҚМЦ жонып қырнаушы токарі «ERG Service» ЖШС кәсіпорындағы «Еңбек даңқы» барлық үш дәрежедегі төсбелгілерінің алғашқы толық иегері.

- Менің ойымша, токарь жұмысы барлық адам шыдай бермейтін мамандық түрі. Жұмысымды ауыстырамын деп ешқашан ойламаппын. 1976 жылдан бері осы жерде еңбек жолын бастағанмын, содан бері жұмыс істеп келемін, - дейді Александр Вебер. 

Концерт «2137» продюсерлік орталығы әртістері Владимир Калижников, Полина Албот пен Ерқанат Әнуарбеков орындауындағы әндерге ұласты. 

Фото: «ERG Service» ЖШС баспасөз қызметі