Павлодар облысында «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздары анықталды

Павлодар облысында «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздары анықталды
Фото: Константин Шелков

Биыл байқауға облыстың 15 ауылдық елді мекені қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Байқауды облыстық облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы а ұйымдастырды.

Нәтижесінде Ертіс ауданындағы Майқоңыр, Ақтоғай ауданындағы Мүткенов және Тереңкөл ауданындағы Алтай ауылдары жеңімпаз атанды.

Үш ауылдың әрқайсысына 500 мың теңгеден сертификат табысталды.

- Байқау екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Оның мақсаты – ауыл тұрғындарының бастамаларын қолдау, елді мекендерді абаттандыру, экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру, - деп хабарлады басқармадан.

Айта кетейік, былтыр байқаудың өңірлік кезеңіне 20-ға жуық ауыл қатысып, 11 елді мекен екінші кезеңге жолдама алған. Үш ауыл жеңімпаз атанды. Шарбақты ауданындағы Орловка ауылы облыстың үздік ауылы деп танылды.