Викинг ірімшігі Железин ауданында жасала бастады

Павлодарда «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Экспозицияға жергілікті өндірушілер, ірі ауылшаруашылық фирмалары және жаңадан бастағандар өнімдері шығарылды.
Олардың қатарында Железин ауданындағы Прииртышское ауылындағы «ЭкоДала» шаруа қожалығы да бар. Кәсіпкерлер сиыр сүтінен деликатес өнімдерін шығаруды жолға қойды. Железиндіктер ұлттық тағамдардан бөлек, экзотикалық тағамдар әзірлеуге кірісті.
- Күніне 200 литрдей сүт аламыз, ірімшік, қаймақ, құрт, айран, қоспа және басқа да ұлттық тағамдар жасаймыз, – дейді шаруа Сержан Сатыбалды. – Біздің ерекшелігіміз – мүлдем қалдықсыз өндіріс. Сарысудан брюнуст ірімшігін жасаймыз, ол өте нәзік және дәмді карамель болып шығады. Біз бұған бірте-бірте тәжірибе жинап келдік.
Брюнуст – тәтті дәмі мен ашық қоңыр түсті норвегиялық қоңыр ірімшік.
Барлық өнімдер тартымды және практикалық қаптамаға ие. Әзірге «ЭкоДала» шаруа қожалығының өнімдерін Железин ауданында ғана сатып алуға болады, бірақ жеткізу географиясын кеңейту жоспарда бар.
Естеріңізге сала кетейік, «Бір ауыл – бір өнім» – бәсекеге қабілетті өнім шығару арқылы ауылды дамыту тұжырымдамасына негізделген жергілікті шикізаттан өнімді дамыту және ілгерілету бойынша қызмет көрсетуге бағытталған жоба.
Жоба Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігімен бірлесіп жүзеге асырылуда. Агенттік өкілі Акихиса Харагуши көрмеге өзі қатысып, павлодарлық фермерлер тауарларының жақсы сапасын атап өтті.