Майқайың кентінің спортшысы Әлем чемпионатына жолдама алды
Түркістан қаласында самбодан шеберлер арасында ҚР чемпионаты өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.
Павлодар облысының намысын қорғаған Майқайың кенті БЖСМ басшысы Шарипжанов Өміртай 60-64 жас санаты бойынша 79 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, бас жүлдені қанжығасына байлады. Алдағы уақытта спортшы Ақтаудағы Азия чемпионаты мен Тәжікстан астанасы Душанбеде өтетін Әлем чемпионатына қос бірдей жолдама жеңіп алды.
Аталмыш іс-шараға барлығы 280-ге жуық спортшы қатысқан.