Павлодарлық ғалымдар бір миллиард теңгеге жуық ұтып алды

Павлодарлық ғалымдар бір миллиард теңгеге жуық ұтып алды
Фото: Константин Шелков

Олар 40-тан астам зерттеуге келісімшарт жасасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Торайғыров университетінің ғалымдары 2023 жылы 956 млн теңгеге гранттық қаржыландыру алды. Оның ішінде «Жас ғалым» бағдарламасы бойынша – 88 миллион теңге, жас ғалымдар желісі бойынша – 72 миллион теңге, зерттеудің басқа бағыттарына – 796 миллион теңгеге жуық, сондай-ақ 42 келісімшарттық зерттеуге ие болды.

ToU ғалымдары экологиялық қауіпсіз құрылыс материалдары технологиясы, Ертіс өңірінің дәрілік шөптерінен табиғи фитопрепараттар өндіру, сүт және ет шаруашылығы бойынша ғылыми сараптама, сондай-ақ Солтүстік-Шығыс Қазақстанның тарихи дамуын археологиялық зерттеу сынды бағыттармен айналысады. Ғылыми жобаларға тартылған жас ғалымдардың үлесі 37 пайызды құрайды.

Сондай-ақ, университет ғалымы Баянауыл ауданындағы плантацияларда дәрілік өсімдіктерді өсіруді ұсынды.

Торайғыров университетінде мұнай-химия, металлургия кешені бойынша жабдықталған зертханалық база, сондай-ақ жем-шөп, сүт, тұқымдық картопты талдау бойынша сертификатталған зертханалар бар. Қазірдің өзінде ғалымдар Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстарының шаруашылықтарын технологиялық сүйемелдеуде және инновациялар енгізуде.

Айта кету керек, биыл университет ғалымдары «Үздік оқытушы – 2023», «Үздік ғылыми қызметкер – 2023», «STEPPE AWARDS – 2023» байқауларының жеңімпаздары, сондай-ақ мемлекеттік ғылыми стипендиялар мен Ы. Алтынсарин атындағы сыйлықтың, «Тәуелсіздік ұрпақтары» облыстық жастар сыйлығының иегерлері атанды.