Баянауылдық оқушылар Ақмола облысындағы жазғы сауықтыру лагерінде демалуда

24 оқушы «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жолдама алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасының ресми парақшасының мәліметінше,балалар Ақмола облысының Зеренді ауылында орналасқан «Парус» жазғы сауықтыру лагерінде 10 күндік демалысқааттанды.
– Аталған демалысқа оқу жылында үлгілі тәртібімен, үздік оқумен көзге түскен, білім және спорт додаларында жетістіктерге жеткен, сондай-ақ, көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар іріктеліп жіберілді, – деді басқармада.
Жаңа үлгідегі заманауи лагерьде балалардың демалысын қызықты әрі мазмұнды өткізуге барлық жағдай жасалған. Күн сайын балаларға арналған көңілді де танымдық іс-шаралар, спорттық ойындар, шығармашылық үйірмелер және мәдени бағдарламалар ұйымдастырылуда.