Итті қарғыбаусыз жіберген: Павлодарда тұрғындар көшеге шыға алмай қалған
Үй жануарларын серуендету ережелерін бұзғаны үшін иттің иесімен профилактикалық әңгіме жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінінің мәліметінше, Едіге би көшесі, 82/1 үйінің тұрғыны жергілікті тәртіп сақшыларына қоңырау шалып, аулада әйел екі итпен тұмылдырықсыз жүргенін хабарлаған. Үй-жануарларының иесі ескертулерге агрессивті жауап берген.
Дәл осындай жағдай Баянауыл көшесінде орын алған. Көршісі иттің қарғыбауын шешіп, босатып жіберген. Полицияға жануар иесінің көршілері үлкен иттің босап кеткенін, тіпті ересектердің өзі көшеге шығуға қорқатындығын жеткізген.
– Үй жануарларын серуендету ережелерін бұзғаны үшін ит иелерімен профилактикалық әңгіме жүргізе отырып, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Айта кету керек, облыс аумағында 2023 жылы 2500-ге жуық үй жануарының иесі жазаланды, – дейді департаментте.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары ойын алаңдарында, мектепке дейінгі және мектеп аумақтарында, саябақтарда, стадиондарда және басқа да қоғамдық орындарда иттерді серуендетуге тыйым салынғанын ескертеді.
Өткен жылы түрлі заңбұзушылықтар үшін 2500-ге жуық жануар иесі жауапқа тартылған.