Павлодар облысында «Мектепке жол» акциясы басталды
Биыл акция «Жақсылық жаса» ұранымен өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясы өткізіледі.
– Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына орай материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуін алдын алу,– делінген хабарламада.
Акция аясында қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілер, әлеуметтік әріптестер, мемлекеттік құрылымдар тартылады. Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін (7182)65-00-60, +77074916405 нөмірі бойынша жедел желілер, сенім телефондарының жұмысы ұйымдастырылды.
Өткен оқу жылында демеушілер, әлеуметтік әріптестер 105 миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсетті.
Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетіндер тұрғылықты жері бойынша білім беру бөліміне немесе тікелей білім беру ұйымына жүгіне алады.