Павлодарлық қандас: құжаттармен мәселелер бар

Павлодарлық қандас: құжаттармен мәселелер бар
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қытай халық республикасында кейбір құжаттар берілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Көктөбеде облыс әкімі Асайын Байхановтың Май ауданы халқымен кездесуі өтуде. Ашық сұрақ қою кезінде Май ауданының тұрғыны қандастардың құжат мәселесімен қиналып жүргенін жеткізді. 

– Қытайда 70-90 жылдары туылған көп кісілерге неке қию туралы куәлік пен туу туралы куәлік берілмеген. Осы мәселе қандастарды тығырыққа тіреп тұр,– дейді тұрғындардың бірі. 

Бұл сұраққа Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарманың басшысы Альмира Дисюпова жауақ берді. 

– Расыменде бұндай мәселе бар. Шет елден келген азаматтарға, дәлірек айтқанда көбіне Қытайдан келге қандастарымызда осындай мәселелер туындап жатады. Қытай халық республикасында неке туралы куәлік пен туу туралы куәлік берілмейді. Ал бұл куәліктер азаматтарды тіркеу барысындағы құжаттар тізімде енгізілген,– дейді Альмира Дисюпова. 

Оның айтуынша, бүгінгі таңда аталмыш мәселе сыртқы істер министрлігінің қарамағаныда. Алдағы уақытта мәселе шешімін тапса хабары берілмек.