Павлодарлық спортшылар Асайын Байхановтан жаңа велоклуб құруды сұрады
Өңір басшысы азаматтардын жеке қабылдауын өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, велоспорттан құрама команда спортшыларға жоғары деңгейдегі жарыстарға қатысуға және оқу-жаттығу жиындарын өткізуге мүмкіндік беретін кәсіби клуб құруды сұрады.
– Облыс тұрғындары өңір басшысына әлеуметтік қорғау, тұрғын үй құрылысы, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, спорт және тағы басқа салалардағы мәселелер бойынша жүгінді. Мәселен, қолжетімді ортаны қамтамасыз ету бойынша бірқатар мәселелермен, соның ішінде қалалық бассейндердің бірін қайта жабдықтау бойынша I топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат жүгінді. Облыс орталығындағы Ак. Бектұров көшесі, 358 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің тұрғындарының бірі шағын аудандағы ескі үйлерді бұзып, орнына жаңа тұрғын үйлер кешенін салу мәселесімен жүгінді, – делінген хабарламада.
Асайын Байханов барлық өтініштерге толық жауап берді, ал, уақыт пен қосымша пысықтауды қажет ететін сұрақтар мемлекеттік органдардың бақылауына алынды.
Естеріңізге саламыз, өңір тұрғындары облыс әкімінің қабылдауына egov порталы, E-otinish.kz бірыңғай базасы немесе + 7(702)166-16-61 WhatsApp нөмірі арқылы жазыла алады.