Асайын Байханов өңір тұрғындарын 1 мамыр мерекесімен құттықтады
Аймақ басшысы ізгі тілегін Instargram әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Қадірлі жерлестер! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке – қазақстандықтар аса жоғары бағалайтын бірлік пен бейбітшіліктің символы. Біз елімізде тұратын барлық ұлт өкілдерінің мәдениеті мен әдет-ғұрпына құрметпен қараймыз және бұл біздің негізіміз бен күшіміз екені сөзсіз. Осынау айтулы мереке күні баршаңызға бейбітшілік, мықты денсаулық және отбасыларыңызға амандық тілеймін. Берекеміз артып, бірлігіміз мызғымасын. Қазақстан халқының достығы нығая берсін! — дейді аймақ басшысы.
Облыс әкімі су тасқыны кезінде рухымыздың қаншалықты біртұтас және бірлігіміздің бекем екенін көрсетіп, оның салдарын жоюға қатысқан, зардап шеккен мүлікті қалпына келтіруге, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинауға және жеткізуге көмектескендердің барлығына зор алғысын білдірді.