Павлодарлық үш өрен футболдан жастар құрамасына шақыртылды
U-19 Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жиынға «Ақсу» футболшылары Ілияс Әбіл, Тамерлан Ағыманов пен Досхан Дүйсенбек шақырту алды. Айта кетейік, осы жылдың ақпан айында Тамерлан Ағыманов пен Ілияс Әбіл Минскіде өткен «Даму кубогінде» U-17 жасөспірімдер құрамасы үшін ойнап, өздерін жақсы жағынан көрсетті. Құрама болса, екінші орын алды.
Жастар құрамасы жиын барысында «Каспий», «Жетісу» және Қырғызстан U-19 құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Оған қоса Александр Кузнецов шәкірттері U-21 құрамасымен де бақ сынасады.
Аталмыш үш ойыншының әзірше біреуі – Тамерлан Ағыманов қана «Ақсудың» негізгі құрамынан көрінді. Жартылау қорғаушы былтыр ҚПЛ мен Кубокте алты ойын, биылғы біріншілікте екі матч өткізді.
Фото: kff.kz