Павлодардың сүйікті «К-700» Көкшетау футболын көтеруге ниетті

Павлодардың сүйікті «К-700» Көкшетау футболын көтеруге ниетті
Фото: ВКонтакте

Ол «Оқжетпес» ФК-ның жаңа директоры ретіндегі жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс» пен ұлттық құраманың бұрынғы шабуылшысы Мұрат Тілешев көкшелік команданы басқаруға 2025 жылдың басында келді. Командаластары мен жанкүйерлері тарапынан дене әлеуеті үшін «K-700» лақап атына ие болған шабуылшы өзінің Instagram парақшасында клубтың болашақ дамуына деген көзқарасы туралы жазды.

«Біздің мақсатымыз – Қазақстан чемпионатында жақсы өнер көрсету, сапалы резерв дайындау және балалар футболын дамыту. Ендігі ең маңызды сұрақ кадр мәселесіне қатысты. Қазіргі уақытта біз Қазақстан құрамасының футболшыларымен белсенді келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біз Аслан Дарабаевпен және Тимур Досмағамбетовты шақырдық – бұл халықаралық тәжірибесі бар, Қазақстанда бірнеше рет жүлде алған футболшылар», - деп жазады «Оқжетпес» директоры.

Сонымен қатар, Мұрат Тілешев клубтың инфрақұрылымын дамытуды көздеп отыр. Атап айтқанда, ол Көкшетаудағы клубтың базасы мен стадионын жөндеуге ниетті.

«Жұмыс басталып кетті және маусымның басына қарай команда Көкшетауда оқу-жаттығуды бастағанда, ойыншыларға арналған киім ауыстыратын бөлмелер дайын болады деп күтеміз. Ал өз басым балалардың жаттығуы үшін жағдайды жақсартқым келеді. Қазір клуб академиясында 500-ге жуық жас футболшы тәлім алуда. Оларға жыл бойы футбол ойнау үшін манеж салуды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Аты аңызға айналған футболшы мұның барлығына 2025 жылға дейін қол жеткізгісі келеді. Биыл команда Премьер-лигада өнер көрсетеді.

Еске салайық, Мұрат Тілешев «Ертіс» клубының соңғы «алтын» маусымында 2003 жылы ойнаған болатын. Жалпы шабуылшы павлодарлықтар сапында 150-ге жуық матч өткізіп, 70-ке жуық гол соққан. Тараз футболының түлегі жоғарғы дивизионда 148 гол соғып, Қазақстан тарихында үздік сұрмергендердің бірі болып саналады.