«Ертіс» ойыншылары жастар құрамасына шақырту алды

Павлодардың «Ертіс» клубынан бірден төрт футболшы Қазақстан жастар құрамасының (U-21) қатарына шақырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Олар – Мирас Рихард, Бахтияр Төлеуов, Абинұр Нұрымбет және Тамерлан Ағыманов.
Жастар құрамасы 9 қазан күні Еуро-2027 чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Андорра құрамасына қарсы ойнайды.
Сонымен қатар, қазан айындағы жиын барысында Қазақстан U-21 құрамасы Өзбекстан жастарымен екі жолдастық кездесу өткізеді. Ойындар 12 және 14 қазан күндері өтеді.
«Ертіс» ойыншылары үшін бұл шақырту – еңбектің еленуі әрі халықаралық деңгейдегі маңызды қадам.