Павлодарлықтар арасында Абай өлеңдерін жаппай оқу ұйымдастырылады

Павлодарлықтар арасында Абай өлеңдерін жаппай оқу ұйымдастырылады

Айтулы шараға ұлы ойшылдың шығармаларын сүйетін оқырмандардың барлығы қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

С.Торайғыров атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында 10 тамыз күні «Абай. Махаббат әуені» әдеби-сазды кеші өтеді

Елімізде жыл сайын 10 тамызда Абай күні аталып өтіледі. Бұл қазақ мәдениетінің, әдебиетінің, поэзиясының ұлы күні. Абай өз шығармашылығымен қазақ әдебиетінің дамуына да, өзінің және кейінгі ұрпақтың музыка өнеріне де орасан зор прогрессивті ықпал еткен қазақтың көрнекті тұлғаларының бірі болды, – дейді ұйымдастырушылар.

Кітапхана ұжымы Абайдың шығармашылық мұрасында 170-тен астам өлеңдер барын, олардың көбін өзі күйге түсіргенін атап өтті. Осы уақытқа дейін кеңестік фольклористер Абайдың 60-тан астам әнін, соның ішінде түрлі орындаушылар айтқан туындының нұсқаларын жазды. 

Әдеби-сазды кеш 10 тамыз күні сағат 15:00-де басталады. Шараға кез келген адам қатысуға мүмкіндігі бар. Олар поэзияны еркін оқып, ұлы ойшылдың жырларын орындауға мүмкіндік алмақ.