Павлодарлықтар ерекше көрменің куәсі болмақ

Павлодарлықтар ерекше көрменің куәсі болмақ

Облыс орталығында «Тәуелсіздік жылдарындағы Ертіс өңірінің археологиясы» атты тарихи көрме ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Көрменің ашылуы Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде болады. Экспозиция қатарына қола дәуірінен орта ғасырға дейінгі экспонаттарды көруге  болады. Мәселен, андронов мәдениетінің керамикалық ыдыстарын, қимақ сауыттарының реконструкциясын және т.б. павлодарлықтардың назарына ұсынылады.

Көрме 8-20 тамыз аралығында күн сайын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. 

Айта кетелік, халықаралық жастар күнінде кіру тегін болмақ.