Павлодарлықтар туған жер туралы жырлады
Байқау Астана күні мен Домбыра күніне орайластырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Достық үйінде» «Ән айт, домбырам!», «Гүлдене бер, менің Астанам! атты жыр мүшәйрасы өтті. Оған Павлодар және Ақсу қалалары этномәдени бірлестіктерінің ардагерлері, «Белсенді ұзақ өмір» орталығы клубтары мен Шарбақты ауданының ардагерлері, аналар кеңесінің мүшелері қатысты.
Сахнада 60 жастан асқан 21 поэзиясүйер қауым өлең оқыды. Ең үлкені қараша айында 83 жасқа толады.
– Мұндай жас санатын қамтитын жарыстың бірнеше маңызды аспектілері бар. Біріншіден, өлеңді жатқа оқып, үйренген кездегі қуанышты сәттерді еске алуға мүмкіндік береді. Жаттығудың бұл түрі есте сақтауды жақсартуға және миымызды дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар, поэзияны оқи білу басқа адамдарға қызықты және бізді де қызықтырады. Көптеген қатысушылар мен көрермендер осы байқаудан алған мотивациялары мен шабыттары үшін алғыстарын білдірді, – деді фин-угор этномәдени орталығының төрайымы Ольга Николашина.
Шараны облыстық ақпараттық және әлеуметтік даму басқармасының қолдауымен фин-угор этномәдени орталығы мен «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ұйымдастырды.
Байқауда павлодарлық және қазақ ақындарының өлеңдері, қатысушылардың төл туындылары ұсынылды. Өлеңдер туған жерге, елордаға, домбыраға деген сүйіспеншілік, ризашылық туралы болды.
Байқауға қатысушылардың өнеріне ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ольга Григорьева, С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының халықаралық кітап секторының меңгерушісі Айнұр Қадырова, «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» директоры Нұрсұлу Қайдарова, «Классиктер және замандастар» әдеби клубының жетекшісі Сәуле Арғынова және Павлодар облысы фин-угор этномәдени орталығының төрайымы Ольга Николашина баға берді.
Әрбір қатысушы естелік сыйлыққа ие болды.