Павлодарда жеңіл автокөлік трамваймен соқтығысты
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқыс оқиға кеше яғни 18 қараша күні түнгі сағат 21:00 шамасында болған. Hyundai Sonata көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, бұтаға соғылып, кейін трамваймен қақтығысқан.
Айта кетелік, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ.