Павлодарлықтарды «Ertis Promenade» маусымында не күтеді?

Әзірге әртістердің есімдері белгісіз. Олармен жұмыс кестесі келісілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірдің басты сахнасында алғашқы концерт 1 маусымда өтеді. Қалалық әкімдікте маусым жергілікті хореографиялық және шығармашылық ұжымдардың шоуымен ашылатынын хабарлады. Кәсіби емес орындаушылар өткен жылдағыдай тағы да «Ertis Promenade» сахнасында ән салады. Ұйымдастырушылар «Екі жұлдыз» байқауына кастингті кейінірек жариялайды.
Бұл жолғы караоке-шоудың ерекшелігі – қатысуға жұмысшы мамандықтары өкілдерінің шақырылуда. Павлодар зауыттарына шақыртулар жіберіліп те қойған.
Маусымның ашылуында әйгілі әртісті күтуде. Алайда әзірге әкімдікте оның есімін құпия сақтауды жөн көреді, бірақ қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдызы көрермен қауымға ұмытылмас эмоциялар мен мерекелік атмосфера сыйлайды деп уәде береді.
Ағымдағы маусым жарық және дыбыс жабдықтарын, LED-экрандарды жалға алуды қосқанда 79,3 миллион теңгеге шығады.
Бірақ қазан айына дейінгі толық концерт бағдарламасы дайын емес, көркемдік кеңес бекітілгеннен кейін жарияланады.
«Ertis Promenade» сахнасында жұма, сенбі және жексенбі, сондай-ақ мемлекеттік мереке күндері түрлі шаралар ұйымдастырылады. Бағдарламада қалалық және облыстық шығармашылық ұжымдардың концерттері, спорттық іс-шаралар, би кештері және халықаралық конкурстар сақталады. Жексенбі күні дәстүрлі түрде кинокөрсетілімдер өтеді, үлкен экранда соңғы жылдары прокатқа шыққан фильмдер көрсетіледі.
– Біз қала тұрғындары мен қонақтары өздеріне ыңғайлы уақытта мәдени іс-шараларда демалуы үшін бағдарламаны қызықты әрі алуан түрлі етуге тырысамыз. Біздің мақсатымыз – мереке атмосферасын құру және қаланың мәдени өміріне мүмкіндігінше көп адамдарды тарту, – деп атап өтті Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Қадиша Беготаева. – Сондай-ақ қазақстандық орындаушылардың шақыруы бойынша келіссөздер жүргізілуде. Олардың спектакль кестелері концерттік бағдарламалармен үйлестіріледі. Орындаушылардың нақты есімдері әлі айтылмайды, бірақ ұмытылмас кеш сыйлайтын әртістер болады.
Павлодарлықтар мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне әншілерден кімді көргісі келетінін жаза алады. Сол жерде маусымды өткізуге қатысты ұсыныстар қабылданады.