Павлодарда ерекше балалар мен жастарға арналған фестиваль өтеді

Павлодарда ерекше балалар мен жастарға арналған фестиваль өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл шара «Үміт үзбеу» қоғамдық қорының 15 жылдығына орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға арналған байқау «Кедергісіз келешек» атты өнер мен қолданбалы шығармашылықтың бірінші қалалық ашық фестиваль-байқауы аясында өтеді.

Фестивальдің негізгі мақсаты – ерекше қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, олардың мәдени құндылықтарға тартылуы арқылы әлеуетін ашу, тең мүмкіндіктер жасау, сондай-ақ қоғам назарын әлеуметтік бейімделу мен интеграция мәселелеріне аудару.

7-16 және 17-25 жас аралығындағы қатысушылар вокал және би өнері, көркем сөз, бейнелеу және сәндік-қолданбалы шығармашылық және басқа да номинациялар бойынша өнер көрсете алады.

Барлық номинацияларда конкурс бағдарламасы ұзақтығы 4 минуттан аспайтын бір шығарманы қамтиды. «Көркем сөз» номинациясында – бір туынды немесе әдеби-музыкалық композиция ұсынылады. Вокалдық өнерде міндетті шарт – тірі орындау.

Өтінімдер 30 шілдеге дейін қабылданады.

Фестиваль 4 қыркүйек күні сағат 16:00-де Естай атындағы мәдениет сарайында өтеді.

Қосымша ақпаратты келесі нөмірлер арқылы білуге болады:

8 (775) 580-28-03, 8 (701) 408-22-63, 8 (777) 934-68-58.