Павлодарлық жас суретші көрмесін ашуда

Павлодарлық жас суретші көрмесін ашуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көрме «Айна» галереясында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар көркемсурет колледжі студенті Виктория Устюгованың «Всплеск» атты алғашқы жеке көрмесінің экспозициясына акварель, графика (пастель, тушь), майлы кескіндеме техникасындағы экспрессионизм стиліндегі 20-дан астам картиналар кіреді.

– «Всплеск» көркем көрмесінің дебюті – автордың ішкі дүниесін көпшілік алдында ашудың алғашқы қадамы болып табылады, – дейді ұйымдастырушылар.

Ашылу салтанаты 11 сәуір күні сағат 14:00-де өтеді.

Көрмені 30 сәуірге дейін тамашалауға болады.